16.07.2024 Германия 🇩🇪 Ингольштат – Мюндлинг
Олимпиада 2024!
Велосаяхат Ақтау-Париж 👍
Bringing Peace to Olympics 💕
Ингольштаттың “Инго” қонақ үйінен шығып, Штутгартқа бағыт алдық. Күн бұлтты, құбылмалы болып тұр. Дунай іргесіндегі Нойбург қаласынан түскі ас іштік. Жалпы аспанда қайта-қайта истребитель самолеттар ұшуы байқалады. Яғни қазіргі заман қаруларымен соғыс өрті тұтануы оп-оңай сияқты, бетін аулақ! Манағы бұлт түнеріп келіп, жаңбырға айналып, арты бұршаққа жалғасты. Жердің ызғарынан қорғайтын төсенішімізді үстімізге бүркенуге тура келді. Тез күн жарқырап, жаңбыр тоқтап, алдын ала тапсырыс беріп қойған Мюндлинг ауылындағы қонақ үйімізге жетуге асықтық. Сонымен бүгін сейсенбі күні 64 шақырым жүріп Медерханс отелімізге аман есен жеттік.
Париж олимпиадасының басталуына 10 күн қалды.
Айзада, Данышпан.
Add A Comment