20.07.2024 Германия🇩🇪 – Франция🇫🇷
Баден-Баден – Страсбург.
Олимпиада 2024!
Велосаяхат Ақтау-Париж 👍
Bringing Peace to Olympic 💕
Түске дейін екі великті де шеберханаға апарып дұрыстап қаратып, тежеуіштерін толықтай жөндетіп, басқа да майда-шүйде кеткен жерлерін жасатып алдық.
Асықпай түсқайта Баден-Баденнен Страсбургке жолға шықтық. Иффецхайм деген шағын қалашықтың ипподромы қасымен жағалап жүрдік.
Орталықта атқа қойылған ерекше композиция-ескерткіш қасына келіп суретке түстік. Раштатт, Иффецхайм арқылы Рейн өзенінің үлкен аркалы көпірден өттік, көпірден өттік деп жүріп Германиядан Францияға өтіп кеткенімізді байқамай қалдық.
Жалпы бұл елдер арасында сапырылып жүрген жолаушы-туристер өте көп, ақшалары да ортақ, жол полицейлері де көліктерді тоқтатып тұрғаны көрінбейді.
Бір немістен Страсбургке жол сұрап едік, ол бізге түсіндіре алмайтынын ұғып, алдымызға түсіп жол көрсетті. Аты Верн, жасы 72-де екен. 20 шақырымдай жүріп Дрюзенхайм қалашығы тұсындағы өткел-паромнан кейін еліне (Германия) өтіп кетті. Біз жаңағы ауыл ішіндегі көгалға келіп жайғасып демалдық. Аяжандар ізімізден тамақ алып келіп, бірге түстендік. Страсбургке жақындаған сайын елді мекендер көбейе бастады.
Бүгін 62 шақырымды игеріп, қалаға жақындай берген жердегі “B&B” қонақ үйіне келіп тоқтадық.
Париж олимпиадасының басталуына 6 күн қалды.
Раббим

Leave A Reply