19.07.2024 Германия 🇩🇪 Штутгард – Баден-Баден Олимпиада 2024!
Велосаяхат Ақтау-Париж 👍
Bringing Peace to Olympics 💕
Сонымен мен Стамбул іргесінде 25-маусымда жарақат алып, 7 күннен кейін 2-шілдеде Алматыда қолыма ота жасаттым. 18-шілдеде ұшып келіп Штутгартта Стамбул-Будапешт-Вена-Штутгарт арасында 1000 шақырымды екі великпен жүріп өткен командам – Айзада мен Данышпаныма келіп қосылдым.
Штутгарт орталығындағы веложолмен Баден-Баден қаласына шықтық. Жол бізді қалың ағашты орманға әкеліп кіргізді.
Штутгартың Шүңқырграт болып жүрмесін деп жүріп, 10 шақырымдай тауға өрмеледік. Шағын ауыл іргесіндегі ағаш өңдеу өндірісін көріп таң қалдым.
Кесілген бөденеден бастап дайын вагонкаға дейін барлық станоктар ретімен қойылған, жұмыс істеуде. Кезінде біздің орманды өлкелерімізде әр ауылда істеп тұрған осындай өндірістер орындары қаңырап тұр. Ол жерлерде қазір сол бөрене түрінде сатқан тиімді екенін дәлелдеуде???
Данышпанның велигінің тежеуіштері толықтай істен шықты. Яғни, тек тегіс жерде жүруге болады. Ылди жерлердің барлығында жаяу жетектеуге тура келді.
Пфорцхайм қалашығын аралап келе жатырмыз. Аласалау тас қоршаудағы жазу: “Бұл жерде Карц-Фридерих 1767 жылы тігін өндірісін ашты”. Немістердің 250 жыл бұрынғы тарихын басынан талай сұрапыл өтсе де ұмытпауға жасаған қадамы деп түсіндік. Әдемі жерде орналасқан Баден-Баденгеде 100 шақырымды игеріп кеш болсада аман есен жеттік. Қалашықта орыс, украиндардың жекеменшік үйлері көп екен. Осы жердегі бір коттедж үйдің мансард этажын жалдап алып, қонып шықтық. Бұл қалашық медицинасы дамыған жер екенін білеміз. Өте мықты вело-шеберханасы да бар екен. Ертесіне екі великті де қаратып, майда-шүйде керек-жарақтар алдық.
Париж олимпиадасының басталуына 7 күн қалды. Раббим
Add A Comment