15.07.2024, Германия 🇩🇪 Weihanstephan – Ингольштат
Олимпиада 2024!
Велосаяхат Ақтау-Париж 👍
Bringing Peace to Olympics 💕
Вейханстефан қалашығындағы “Мама Леона” деген пансионат аппартаменттен шығып, Ингольштат қаласына жол тарттық. Аппартамент иесі Жозефина бізді жылы қарсы алып, демалуымызға мүмкіндік жасады. Өзі Италия елі тумасы осы Германияға сіңісіп бизнесін жүргізіп отыр.
Шағын қалашықтың өрт сөндіру депосын қызықтап көрдік. Жан жағы мұнтаздай таза. Гаражы 4 өрт сөндіру көлігіне арналған. Тоқ көзін нысанның үстіндегі құрылғылар арқылы күн сәулесінен алады екен. Бұл да тоқты үнемдеудің бір тәсілі.
Шматхаузн ауылына келдік. Дәл менікіндей “Паджеро” автокөлігі көзіме оттай басылды.
Жол іргесінде 1 шаршы метр де бос орын жоқ. Сарғайып піскен бидай, биікке 4-5 м. қада қағып сым керіп өсірген жүзім, ең құрғанда жүгері егіп тастаған. Жол жиегіндегі радарлар велосипедтің де жылдамдығын есептеп тұр.
Гугл мапс бізді адастырып жолсызға салып жіберді. Марқакөл мен Қатон-Қарағайдың арасындағы Иректің асуындағы жол сияқты екен.
Сонымен бүгін дүйсенбі күні 72 шақырым жүріп Ингольштат қалашығындағы ING HOTEL қонақ үйіне тоқтадық, бір қызығы мына отельдін ресепшні де, адамы да жоқ, бәрі онлайын, кірер жерде тек инструкция бар.
Париж олимпиадасының басталуына 11 күн қалды.
Айзада, Данышпан

Leave A Reply